«Ислам – балалар көзімен» сурет байқауы мәресіне жетті (ФОТО)

04 желтоқсан 2018 186 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» әйелдер клубының ұйымдастыруымен қараша айында «Ислам – балалар көзімен» атты сурет байқауы жарияланған болатын. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туылған Мәуліт айының құрметіне орай өткізілген сурет сайысына жолданған үміткер туындылары бұған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып, қойылған лайк саны бойынша  жүлдегерлер анықталды.

Үш күнге созылған дауыс беру науқаны нәтижесінде төмендегі үш санат (номинация) бойынша мына бүлдіршіндер жеңімпаз атанды.

4 пен 6 жас аралығында: Мұрат Райана (6 жаста)

7 мен 9 жас аралығында: Шәкен Ақтұйғын (8 жаста)

10 мен 12 жас аралығында: Мұрат Мансұр (10 жаста)

Жүлдегерлердің барлығына арнайы сыйлықтар тапсырылып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру