Ислам институты: Түлектерге диплом табысталды (ФОТО)

16 қазан 2019 4052 0
Оқу режимі

ҚМДБ жанындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының 2019-2020 оқу жылының алғашқы «Тамыз-қазан, 2019» легін аяқтаған дін қызметкерлеріне куәлік табысталды.


Ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы«Еліміздің әр өңірінен келген имам-молдалар  екі ай бойы діни және дүнияуи пәндерді оқып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасты. ҚМДБ және біз институт басшылығы мен ұстаздары осында оқыған имамдарға  зор үміт артып отырмыз. Білім алудың және оны өзгелерге жеткізудің өзі парыз болғандықтан, алған ілімдеріңізді жамағаттарыңызға жеткізу сіздерге жүктелген амал» - деп, бітіруші имамдарға жылы лебізін білдірді.  

Іс-шараға қатысқан ҚМДБ дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы имамдық қызметтің жауапкершілігі жайында дәріс оқып, игі ниетін білдірді. Ал, бітіруші түлектер Ислам институтының ұжымына алғысын айтып, ақсақал имамдар ақ батасын берді.

 

 

Пікірлер Кіру