«ІЗГІЛІКПЕН ІЗ ҚАЛДЫР»: «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ 25 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ЕТ ТАРАТЫЛДЫ
Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасыға азық-түлік пен ет таратылды. Қайырымдылық шарасына мешіттің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған мешіт қызметкерлері атсалысты.
Ізгілікке бағытталған іс-шара барысында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері мен ет өнімдері табысталып, олардың әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетілді.
Аталған қайырымдылық іс-шарасы «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында қолға алынған «Ізгілікпен із қалдыр» жобасының жалғасы ретінде ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда өзара жанашырлық пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.
«Ізгілікпен із қалдыр» жобасы Астана қаласының мешіттерінде кезең-кезеңімен жалғасын тауып келеді. Жоба аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету, түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және ізгілік бастамаларын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі