Кәсіпкерлер аудандық мешітке көлік сыйлады

04 қаңтар 2019 878 0
Оқу режимі

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының Қ.Шектібаев, Н.Аязбеков, А.Ғұбашев есімді кәсіпкерлері аудандық мешітке су жаңа көлікті сыйға тартты.

Бұл жарнама үшін жасалған дүние емес. Біз осы елдің азаматы ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық. Көліктің қай уақытта да керектігі рас. Осы көлік Алланың үйінің пайдасына жараса болар. Жақсылығымыз көп болғай,-деді кәсіпкер Қ.Төреғожаұлы.

Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Қуанышбайұлы атымтай жомарт жандарға шексіз алғысыз айтып, елдің ақсақалдары дұға жасады. 

 

 

 

 

Дереккөз: Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру