Кәсіпқой боксшы көпбалалы анаға елордадан баспана сыйлады (ФОТО)

20 қыркүйек 2019 4903 0
Оқу режимі

Бүгін кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бастаған «QAZAQ promotions» промоутерлік ұйымы «Ел-Несібе» Қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры арқылы 8 баласы бар жалғызбасты анаға 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Промоутерлік ұйымның мәліметінше, пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан. Баспана көпбалалы отбасыға ыңғайлы болуы үшін іргесінде орналасқан мектеп және балабақшаның жақындығына орай арнайы таңдалды. Сондай-ақ, пәтердің іші тұрмысқа қажетті барлық техникалармен, төсек-орынмен толық жабдықталған. Пәтердің кілтін жалғызбасты ана Гүлшат Баяділоваға қазақ кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, WBO Inter-Continental чемпионы Қанат Ислам өзі тапсырды.

Көпбалалы отбасы соңғы секундтарға дейін баспаналы болатынын, оның кілтін қазақтың мақтанышы Қанат Ислам тапсыратынын білмеген. Барлығы құпия ретінде сақталған. Өмірде көптеген қиындықтарға кездесіп, мойымаған анаға тосынсыйды «Ел-Несібе» Қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының өкілдері арнайы ұйымдастырған.

Дереккөз: inform.kz

Пікірлер Кіру