ХАЛАЛ ДАМУ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

20 қаңтар 2026 125 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен 2026 жылға бектілген жоспарға сәйкес «Халал Даму» мамандарына арналған республикалық семинар өтті. Жиынды ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай ашып, Бас мүфтидің сәлемін жеткізді.

Ермек Қасболатұлының төрағалығымен өткен республикалық семинарға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, мекеме қызметкерлері және өңірлік өкілдер қатысты. Жиын барысында өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындыланып, 2026 жылға арналған нақты жоспарлар мен міндеттерді айқындалды.  Сондай-ақ, 2025 жылы жүзеге асқан жобалар мен қол жеткізген жетістіктер үшін сала мамандарына алғыс айтылды. Сонымен қатар, өңірлердегі жұмыс барысы, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары назарға алынды.

Сонымен бірге, 2026 жылы халал стандарттарын одан әрі күшейту, сертификаттау үдерісін жетілдіру, бақылау тетіктерінің ашықтығын арттыру және тұтынушылар сенімін нығайту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен алғаш рет Алматы қаласында өтетін «QMDB EXPO-2026» көрмесі халал саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, жаңа бастамалар мен нақты шешімдер ұсынылатын маңызды алаңға айналатынын жеткізді.

Ал «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы өз баяндамасында мекеменің алдағы кезеңге жоспарланған жаңа бастамалары мен жобаларына тоқталды. Атап айтқанда, халал талаптары бойынша кәсіпорындарға арналған оқыту-тренингтерін арттыру, бақылау жүйесін жетілдіру, өңірлерде ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ отандық халал өнімдерін шетел нарығына шығарудың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы жылға арналған нақты тапсырмалар мен міндеттер бекітіліп, әр өңірге арнайы іс-шаралар жоспары таратылды. Бұл құжаттар өңірлік өкілдердің жұмысын жүйелеуге және халал индустриясын жаңа деңгейге көтеруге бағытталмақ.















Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру