«Халифа Алтай» мешітінде Азан жарысы өтті (ФОТО)

17 ақпан 2020 4836 0
Оқу режимі

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде екі апталық білім алып жатқан шәкірттер арасында Азан жарысы өтті. Іс-шараны осы мешіттің наиб имамы Досжан Үмбет ұйымдастырды.

Сайысқа аудандық және ауылдық мешіттерде қызмет атқарып жүрген, білімін жетілдіріп жатқан шәкірттер қатысып, азан айту шеберлігін сарапқа салды.

«Азан үні исламның бір кереметі саналады. Біздің бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – шәкірттерідң азан айту шеберлігін шыңдау, ынталандыру», – деп атап өтті Досжан Үмбет.

Шәкірттер сайыста белсенділік көрсетті. Азан жарысының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында наиб имам азанның кереметі жайлы насихат айтты.

Дереккөз: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру