Харам мешітіне күн сайын 135 000 адамға дейін кіруге рұқсат берілді 

05 қаңтар 2022 3909 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясы билігі күн сайын Харам мешітінде намаз оқуға және кіші қажылық рәсімін атқару үшін 135 000 адамға дейін рұқат берілгенін мәлімдеді. Қажылық министрлігінің айтуынша, өткен аптаның соңғы күндерінде Харам мешіті аумағына 101 429 жан кірген көрінеді.

Министрлктің мәлімдемесінде Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін зиярат жасауға күн сайын 15 000 адамға рұқсат берілген. Оның ішінде 7 000 жанға Пайғамбар (с.ғ.с.) қабірін көру мүмкіндігі берілген екен.

Сондай-ақ, жыл басынан бері (хижри санағы бойынша) Харам мешітіне кірген мұсылмандар саны 20 миллионға жуықтаған. Ал, Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін зиярат жасаушылардың саны 2,5 миллион болған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру