Кіші қажылық жасаушыларға «Ұмра жасап үйренейік» атты дәріс өтті

27 қаңтар 2023 1524 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде кіші қажылық жасаушыларға арналған «Ұмра жасап үйренейік» атты дәріс өтті. Дәрісті «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Дарханұлы жүргізді. Ол кіші қажылық рәсімдері қалай орындалатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, Мекке мен Мәдина қаласының ішкі құрылысын фото және видео арқылы таныстырды. Сондай-ақ, қажылық жасаудың маңыздылығы мен рәсімдердің мәні түсіндірілді.  Жиын соңында дәріске қатысушылар толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру