КІШІ ҚАЖЫЛЫҚТАН ОРАЛҒАН МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

25 қараша 2022 2067 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде кіші қажылық сапарынан оралған Сансызбай Төкенұлына жамағат алдында құрмет көрсетілді. Мешіт бас имамы Ерболат Жүсіпов жиылған көпшілікке ақсақалды таныстырып өтіп, қазақы дәстүрімізге сай иығына шапан жапты.

Айта кетейік, жақында ғана өткен «Үмметін сүйген Мұхаммед» атты Мәуліт кешінде ҚМДБ Астана өкілдігі сахна төрінде бірнеше жанға «Мәуліт сыйлығын» табыстаған болатын. Солардың бірі – «мешіт құсына» айналған, «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағаты Сансызбай Төкенұлына кіші қажылық жолдамасын тарту еткен еді.

Алланың қалауымен қасиетті сапарға аман-есен барып келген Сансызбай ақсақалға бүгін осылайша жамағат алдында құрмет көрсетіліп, жамағатпен бірге дұға жасалды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру