КӨКТАЛ МЕШІТІ: ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ (ФОТО)

21 сәуір 2023 1801 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде Ораза айт мейрамы атап өтілді. Жұма намазынан кейін дастархан жайылып, мешіт бас имамы Сабит Ережепов ақсақалдар мен ақ жаулықты апаларымызды мейраммен құттықтап, ізгі лебізін арнады.

Жиналған жамағатқа және балаларға да арнайы дайындалған викториналық сұрақтар қойылып, тәтті-дәмдіден сыйлықтар таратылып, көңілдерге шуақ сыйланды. Қазақы дәстүрге сай шашу шашылып, мереке жандана түсті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру