«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТПЕН РУХАНИ БАСҚОСУ ӨТТІ (ФОТО)

01 ақпан 2026 13 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінде дәстүрлі айлық уағыз-насихат жиыны ұйымдастырылды. «Рухани нәр» тақырыбында өткен тағылымды басқосуды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл жүргізді.

Уағыз барысында ұстаз жамағатқа білімнің адам өміріндегі маңызы, Құран ілімінің құндылығы және рухани тәрбиенің қоғамдағы рөлі жөнінде кеңінен баяндап, тағылымды ойларымен бөлісті. Жиынға қатысқан жамағат рухани азық алып, көкейлеріндегі сауалдарына тұщымды жауап алды.

Сондай-ақ мешіттің барлық шараларына белсене атсалысып жүрген жастарға ерекше құрмет көрсетілді. «Көктал» мешітінің жастар секторының жауапты ұстазы Хурсан Бердімұратұлы жамағатқа алғыс білдіріп, мешіт ісіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер Кіру