Көркемсурет байқауының жеңімпазы марапатталды (ФОТО)

02 шілде 2021 2777 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балалар арасында «Азаттық – балалар көзімен» көркемсурет байқауын жариялаған болатын. Осыған орай байқауда екінші орынды иеленген Нұр-Сұлтан қаласындағы №84 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Диана Османова арнайы сыйлықпен марапатталды.

Жас көркемсуретшілер байқауы жас өркеннің патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген махаббатын арттыру, балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау, азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау бағытында қолға алынды.

Естеріңізге салсақ, байқауға еліміздің әр аймағынан 7-12 жас аралығындағы балалар қатысып, суреттерін жолдаған болатын. Балғын туындыларды қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау жеңімпаздарын жүлделері орындарымен құттықтаймыз!

No photo description available.

May be an image of бір немесе бірнеше адам, people standing, bicycle және ғимарат ішінде

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру