ЛИТВАЛЫҚ ИСЛАМ ҒАЛЫМЫ – ДІНИ БАСҚАРМАДА (ФОТО)

26 сәуір 2023 1207 0
Оқу режимі

Литва Республикасының Ұлы Витаутас университетінің исламтану профессоры, дінтанушы Эгдунас Рачиус қызметтік іссапарымен елордаға келді.

Іссапар барысында литвалық ислам ғалымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы ат басын бұрып, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлымен кездесті. Қадірменді қонақ Діни басқарма тынысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Сондай-ақ кездесу барысында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Эгдунас Рачиуске мүфтияттың діни білім және кадр саласына қатысты жұмыстарын айта келіп, құрметті қонаққа ілтипат көрсетті. Өз кезегінде литвалық ғалым Діни басқармамен білім, ғылым саласында әріптестік байланыс, өзара тәжірибе алмасу жөнінде ойын жеткізді.

Айта кетейік, дінтанушы Эгдунас Рачиус іссапар барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранттары мен докторанттарына дәріс оқып, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру