Маңғыстауда жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

20 қыркүйек 2019 5274 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысында тағы бір Алла үйі бой көтеріп, ел игілігіне берілді.

Мұнайлы ауданы, Қазылтөбе-2 ауылынан «Мұстафа» мешіті жұма күні ашылды. Мешіттің құрылысы 2018 жылы басталған болатын. Жомарт жандардың қолдауымен салынған сәні мен сәулеті жарасқан мешітте бір уақытта 700 адам намаз оқи алады. Ашылу салтанатына өкіл имам Смайыл Сейтбеков арнайы барып жаңа мешіттің ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен бас имам қызметіне тағайындалған Есмурзаев Серікті таныстырды. Мешіттің ашылуы рәсіміне арнайы келген аудан әкімі Елтизаров Рахат құттықтау сөзін сөйлеп, мешітті салған азаматтарға алғысын білдірді.

Жұма күні жаңа мешітте жамағат намаз оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.

Дереккөз: Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру