Меккеде Бас мүфти атынан 300 қажыға дастархан жайылды (ФОТО)

19 тамыз 2018 6982 0
Оқу режимі

Мекке шаһарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан 300 қажыға дастархан жайылды. Іс-шараға Қажылық миссиясының мүшелері, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, қажылық фирмаларының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдары, т.б. меймандар қатысты.

Берекелі басқосуды ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жүргізді. Алғашқы сөз алған Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы Бас мүфтидің дұғай сəлемін жеткізіп, ізгі ниеті мен тілегін білдірді. Бас консул Талғат Рақымқұлұлы қажыларға ұлы сапарда сабырлық пен төзімділік тіледі. ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының əсерлі уағызы қажылардың жүрегін тебірентті.

Шара соңында ақсақалдар бата беріп, алғысы мен жылы лебізін жеткізді.

Пікірлер Кіру