Мешіт ауласында мерекелік шаралар өткізілді (ФОТО)

21 тамыз 2018 1250 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт мерекесін ұлттық нақышта атап өту мақсатымен бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласында арнайы спорттық шаралар ұйымдастырылып, «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өткізілді.  Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан спорттық сайысқа қатысушылар бұл жолы арқан тартыс, гір көтеру, асық ойындары бойынша бақ сынасып, мешіт ауласында мерекелік көңіл-күй орнады.

Сондай-ақ, айт намазына орайластыра жасалған «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» саудасы да қызып, ұлық мерекеде сауапқа кенелуге асыққан жамағат сатушы қыздардың қолын босатпады. Айта кетейік, тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесінен» жиналған қаржы жыл сайын Астана қаласындағы «Ана мен бала», «Онкология орталығы» секілді орталық емделушілеріне жұмсалып келеді.

Пікірлер Кіру