Мешіт имамы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді (ФОТО)

18 қараша 2019 466 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №73 физика-техникалық лицейінің оқушылары үшін айрқыша оқиға орын алды. Мектеп басшылығының ұйымдастыруымен білім ордасында «100 кітап» жобасы аясында «Өмірімді өзгерткен кітап» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне арнайы шақырылған қаламыздағы «Aq Meshit» мешітінің имамы, исламтанушы Фархат Исаұлы оқушыларға оқу-білімнің құндылығы жөнінде насихат айтып, кітаппен дос болуға үндеді. Сондай-ақ, тек бір бағыттағы кітаптармен шектелмей, әдеби, діни, ақпараттық кітаптарды да араластырып оқудың артықшылығын атап өтті.

Кездесу барысында мешіт имамы оқушыларға арнайы әкелген кітаптарын тарту етіп, ілім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру