МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

15 ақпан 2023 1521 0
Оқу режимі

Бүгін Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам Омар Салимбековтің спикерлігімен  мешіт тазалықшыларына арналған семинар өтті. Семинарда мешіт әдебі мен тазалығы туралы хадистер келтіріліп, ғибратқа толы насихат айтылды.

«Алланың үйі – мешіт  берекенің, ынтымақтың ордасы. Құлшылық үйінің тазалығын қамтамасыз ету – сауабы мол іс. Тазалықшыларымыздың уақытпен санаспай атқарып жатқан еңбегі орасан зор», - деп өз ризашылығын білдірді мешіт наиб имамы Омар Салимбеков.

Жиын соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, жауап алды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру