МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ (ФОТО)

20 сәуір 2023 2427 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде Астана қаласындағы «Рақымқызы Раиса ана» мешітінің Бас Имамы Заңқоев Қалижан Байырбекұлы тағы бір қызметкерді қуанышты жаңалықпен сүйіншіледі. Үш жылдан бері тазалықшы болып, адал қызмет атқарып келе жатқан Ельшиева Сәулеш Төлебайқызына кіші қажылыққа жолдама берілді. Рамазан айының құрметіне орайластырылған тосын сый  демеушілердің қолдауымен 5 баланың анасына берілді.

Ұмра жолдамасының арнайы сертификаты тазалықшы қызметкерге табысталғаннан кейін ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәтті сапар тіледі.

Айта кетейік, осы Рамазан айында аталған мешіттің қызметкері Зәуре Маратқызына да кіші қажылыққа бару мүмкіндігін сыйланған болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру