Мешіт жанынан «Нұрлы жүрек» әйелдер даму орталығы ашылды (ФОТО)

08 ақпан 2022 2718 0
Оқу режимі

Ел астанасындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде «Нұрлы жүрек» әйелдер даму орталығы ашылып, өткен аптада өз жұмысын бастады. Мешіттегі діни сауат ашу курсына қатысатын шәкірт қыз-келіншектердің өзара достығын арттырып, білім алмасып, бір-біріне қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың ашылуы салтанатты шараға ұласып, рухани кешке айналды.

Шара шымылдығын «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмаилов қасиетті Құран аяттарымен ашып, ақ батасын арнады. Әйел жамағатын бүгінгі қуанышты оқиғамен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аталмыш шараға Нұр-Сұлтан өкілдігінің басқа да әйел ұстаздары арнайы қатысып, қуанышпен бөлісіп қайтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру