Мешітте жұмыс істейтін альбинос жанға тегін сертификат берілді (ФОТО+ВИДЕО)

23 қыркүйек 2019 6483 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тазалықшы болып қызмет атқаратын Нұрділдә Мүслімов үшін ерекше қуанышты күн болды. Табиғатынан ерекше болып туылған оны бүгін Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Ниет» бағдарламасы арнайы қонаққа шақырған болатын.

«Мен ерекше» тақырыбында өткен бағдарламаға еліміздегі ерекше адамдар арнайы шақырылып, көрермендермен кездесу ұйымдастырылды. Солардың бірі – еліміздегі ең ұзын адам болса, енді бірі – ел ішінде «альбинос адам» деп аталып кеткен Нұрділдә Мүслімов болды. 

Бағдарлама барысында еліміздегі ерекше жандардың денсаулықтарына мән беріліп, табиғат берген артықшылықтарының пайда-зияны жайлы да айтылды. Тіпті, Нұрділдәның бел омыртқасындағы сырқаты да сұралып, қаламыздағы Қытай емдеу-сауықтыру орталығының мамандарының ақыл-кеңестеріне жүгінді. Бағдарлама соңында Нұрділдә Мүслімовке «Алтын ине» емдеу-сауықтыру орталығының тегін сертификаты табыс етілді.

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру