Мешіттің құрылысын онлайн режимде көріп отыруға болады

17 қаңтар 2020 4540 0
Оқу режимі

Татар елінің Нижнекамск қаласында салынып жатқан мешіт құрылысын онлайн режимде бақылап отыруға болады. Шһардағы Орталық мешітте орналасқан арнайы экран арқылы жамағат өздерінің жаңа құлшылық ордасының қандай қарқынмен салынып жатқан күн сайын көріп келеді.

Қазіргі уақытта жұмысшылар ғимараттың 321 діңгегін қағып болған. Әрқайсысы 9 мың рубль тұратын бұл діңгектер Нижнекамскліктер үшін 2,9 млн рубльге түскен.

Айта кетейік, 400 адамдық бұл мешіт құрылысы түгелдей жамағат қаржысына жүргізілуде. Әзірге Татарстан бойынша теңдесі болмайды деген мақтаулы мешіттің демалыс орны, саябақ және мүгедек жандарға арналған қосымша жолдар қарастырылған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру