Метро стансасына мұсылманның есімі берілді (ФОТО)

19 маусым 2019 5376 0
Оқу режимі

Өткен жылдың қараша айында Германияның Франкфурт қаласындағы метролардың бірінде қайғылы оқиға орын алған болатын. 17 жастағы Мұстафа Алптуг Сезен есімді мұсылман бозбала метро рельсіне құлап түскен адамды құтқарып қалған болатын. Алайда, өзгені ажалдан арашалап қалған бозбаланың өзі пойыздың астына түсіп, оқиға орнында көз жұмған еді.

Осы оқиғадан соң  Франкфурт әкімдігі мен Deutsche Bahn теміржол компаниясының басшылығы метро стансаларының біріне ерлікпен қаза тапқан Алптуг Сезеннің есімін беруге шешім қабылдаған болатын. Станса атын өзгерту туралы петицияны 56 000 жан қолдап, тіпті Франкфурт мэрі Петер Фельдманның өзі дауыс берген.

Қаладағы басты метро станса енді «Алптуг Сезен/Остендштрассе» деп аталатын болмақ. Стансаның ашылу салтанатына қала тұрғындары жаппай қатысып, марқұмның рухына құрмет көрсетті.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру