МОҢҒОЛИЯ МҮФТИІ: ҚАЗАҚ БАУЫРЛАРЫМЫЗ РУХЫМЫЗДЫ КӨТЕРІП КЕТТІ

19 шілде 2024 608 0
Оқу режимі

Моңғолия мүфтиі Батырбек қажы Хадысұлы Баян-Өлгейге арнайы барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация мүшелеріне айрықша алғысын білдірді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміз біздің шақыртуымызды қабыл алып, бір топ делегациямен Баян-Өлгейге келіп, рухымызды көтеріп кетті. Бауырларымыз Баян-Өлгейдегі 75 имамға күнделікті діни қызметке қажетті шапан мен сәлдені сыйға тартты. Сонымен қатар «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптар мен жұмысқа қажетті техникалық құралдарды да табыстады. Бұл біз үшін үлкен рухани қолдау болды. Осы ретте Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлына ерекше ризашылығымды жеткіземін» деді Моңғолия мүфтиі Батырбек қажы Хадысұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру