Моңғолия мұсылман одағы басшысы мерейтоймен құттықтады

24 қаңтар 2020 4393 0
Оқу режимі

Моңғолия мұсылман ұйымдары «Дін Ислам» одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады. ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Батырбек қажы Хадысұлы өзінің ақ тілегін арнады.

«Қазақ елі мұсылмандарының қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылуының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бұл мерейтой – сіздердің ғана емес дүниенің түпкір-түпкіріндегі Алаш жұртына ортақ мереке.

ҚМДБ егемендік алудан бұрын орнаған Қазақ елі тәуелсіздігінің берік тұғырларының бірі әрі бірегейі деп білемін. Қазақ халқын хақ дінге шақырып, жақсылыққа үндеп, жастарды имандылыққа тәрбиелеп, жамағатты ынтымақ-бірлікке ұйытып, бейбітшілік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болып келесіздер» делінген құттықтау хатта.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру