Muslim.kz порталы «Мәуліт Challenge» игі істер эстафетасын бастайды

13 қараша 2019 636 0
Оқу режимі

Құрметті, жамағат! Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін жаңғырту мақсатында «Мәуліт Challenge» атты игі істер эстафетасын жариялаймыз.

Эстафета шарттары:

  • 1 минуттан аспайтын видео түсірілім жасайсыз;
  • Оның мазмұны кез келген бір игі ісіңізді баяндауы қажет;
  • Жасаған амалыңыздың сауабын Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнауыңыз қажет;
  • Видеода міндетті түрде «Мен «Мәуліт Challenge» игі істер эстафетасына қосыламын» деп міндетті түрде айтуыңыз қажет;
  • Сондай-ақ, видео астына #МәулітChallenge хэштегін жазып, @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасын белгілеуіңіз қажет;
  • Инстаграм желісіндегі @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасына жазылуыңыз міндетті.

Байқауда әділқазылар дұрыс деп тапқан ең көп лайк пен пікір жинаған қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

1 орын – 100 000 тг.

2 орын – 50 000 тг.

3 орын – 25 000 тг.

Алғашқы жиырмалыққа кірген қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болады. Эстафета 23-қарашаға дейін жалғасады.

 

 

Пікірлер Кіру