МҰСЫЛМАННЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАТЫЛДЫ (ФОТО)

21 сәуір 2023 2039 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті Рамазан айынан кейінгі айт мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мешіті мерекелік бағдарлама ұсынды. Соның бірі айт намазынан кейінгі мешіт ауласында ұйымдастырылған ұлттық ойындар. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған шара аясында арқан тартыс, қол күрес, асық ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға диплом мен спортпен айналысқанда тұтынатын сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, әйел ұстаздар мен жамағатының ұйытқы болуымен қайырымдылық жәрмеңкесі де өткізіліп, мешіт ауласында мереке көрігін тағы қыздыра түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру