Мысырдағы қазақстандық студенттердің «Талаба» қауымдастығы құрылды(ФОТО)

17 қыркүйек 2019 5083 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен «Талаба» қауымдастығы құрылған болатын, Бұл қауымдастық шетелдік оқу орындарында діни бағытта оқитын қазақстандық студенттермен жүйелі жұмыс жүргізетін, бірлескен игі жобаларды жүзеге асырады.

Түркия елінен бастау алған «Талаба» қауымдастығының жұмысы Мысыр Араб Республикасында жалғасын тапты. Кайр қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттермен Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің Кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында Елші Арман Исағалиев пен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің Кеңесшісі Балтабай Мекежанов қазақстандық студенттерге оқуда озат болуға шақырып, білім жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі. ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев студенттерге «Талаба» қауымдастығының ережесін таныстырды. Мысыр Араб Республикасындағы «Талаба» қауымдастығының жетекшісі болып студенттердің қолдауымен Ақниет Тимурбаев тағайындалды. Кездесуден кейін студенттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан дастархан жайылды.

Пікірлер Кіру