Наиб мүфти халал стандарттау саласы бойынша жиналыс өткізді (ФОТО)

16 қараша 2019 4995 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің мамандарына жиналыс өткізді.

Жиналысқа Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сүйерқұлұлы мен бөлім мамандары қатысты. Кездесу барысында Ершат қажы Ағыбайұлы бөлімнің алда атқаратын жұмыс жоспарымен танысты. Сонымен қатар, жиналыста халал стандарттау саласына қатысты түрлі мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, халал сертификатын алған кәсіпорындарды кезекті және кезектен тыс тексеру жұмыстарын одан әрі жетілдіру, жаңаша түрде бақылау жүйелерін қалыптастыру, зертханалық тексеруді қадағалау секілді бірнеше сұрақтар қаралды.

Жиналыс соңында наиб мүфти бөлім басшысы Смайыл Сейтбековке нақты тапсырмалар беріп, жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру