Наиб мүфти мешіт имамына баспана кілтін табыстады (ФОТО)

18 тамыз 2018 7302 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан облысы, Жетісай қаласына ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов  арнайы іс-сапармен келді.Іс-сапар аясында Наурызбай қажы Өтпенов көп жылдардан бері мешіт саласында қызмет етіп жүрген 6 баланың әкесі, қалалық «Нұр-Жетісай» мешітінің имамы Абдурахман Нурматовқа баспана кілтін табыс етті.

Наиб мүфти қайырымдылық шараларына белсене ат салысқан мешіт жамағатына алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне көрімдік ретінде ретінде газ плитасын сыйға тартты. Айтулы шараға аудан имамы Б.Сыздықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаевтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Пікірлер Кіру