«Намаз оқып үйренейік» кітапшасы оқырманға жол тартты (ФОТО)

24 маусым 2021 3703 0
Оқу режимі

Асыл дініміз Исламда құлшылық-ғибадаттың ішінде ең ұлығы – намаз. Мұсылман адам Аллаға намаз арқылы жақындайды. Өйткені, намаз – діннің тірегі, рух пен тәннің азығы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Муфтият» баспасы еліміздегі мұсылман жамағатының рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Намаз оқып үйренейік» кітапшасын шығарды.

Кітапшада дәрет алу үлгісі мен бес уақыт намаз оқудың тәртібі, сонымен қатар намазда оқылатын дұғалар мен сүрелер жазылған.

«Муфтият баспасының» директоры Мұрат Манапұлының айтуынша, еңбектің ерекшелігі – қазіргі заманның талаптарына сәйкес, кітаптан QR код арқылы мобильді қосымшаны жүктеп алып, намаз оқудың бейне үлгісін көруге болады. Бейне ролик намаз оқуды ниет еткен мұсылман қауымға көмекші құрал болмақ.

Кітапшаға мемлекеттік дінтану сараптамасының, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы сараптау комиссиясының оң қорытындысы берілген. Кітапша жасөспірімдер мен ересектерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру