Наурыз мерекесіне орай «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды (ФОТО)

22 наурыз 2019 751 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген Ұлыстың ұлы күні Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Мерекенің мейірін сезіндіре түскен жаймашуақ күн райы да, келушілердің көтеріңкі көңіл-күйлері де - мешіт ауласындағы ұлттық мерекенің маңызын аңғартып, мерейін асыра түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесінде» жайылған сөре толы тәтті тағамдар мен ыстық тамақтар, наурызкөже сынды ұлттық тағамдарымыз жамағатқа сауапқа толы сауда жасауларына жол ашты. Күн көтерілісімен-ақ жұмысын бастаған жәрмеңке саудасы жұма намазынан кейін де жалғасып, жамағаттың алғысына бөленді.

Айта кетейік, бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Қайырымдылық жәрмеңкесі» осындай мерекелер құрметіне орай жиі ұйымдастырылып тұрады. Жәрмеңкеден жиналған қаржыға осы кезге дейін республикалық «Ана мен бала» орталығындағы сырқат сәбилерге тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру