НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МӘСКЕУДЕ РЕСЕЙ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

12 желтоқсан 2023 955 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеу қаласындағы Орталық мешітте Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Кездесуде тараптар ертең Мәскеу қаласында өтетін Халықаралық мұсылман форумында көтерілетін өзекті мәселелер, атап айтқанда, әлемдік бейбітшілік пен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде дін лидерлерінінің рөлі сөз болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанда әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің діни пікір алмасу алаңындағы орны мен рөлін айрықша атап өтті. Сонымен қатар ертең Мәскеу Орталық мешітінде өтетін Халықаралық мұсылман форумының жұмысына сәттілік тіледі.

Равиль Гайнутдин халықаралық іс-шараға қатысуға ниет білдірген Наурызбай қажы Тағанұлына алғысын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І Халықаралық Құран жарысы жайлы жылы пікірін айтты. Басқосуда екі ел мүфтилері өзара ынтымақтастықты арттыруға келісті.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру