НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

23 ақпан 2023 1526 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында өңір имамдарымен кездесті.

«Аллаға шүкір, халықтың көптен күткен тілегі орындалып, Ұлытау облысы құрылды. Біздің ендігі мақсатымыз – Ұлытау облысының рухани дамуына үлес қосу. Өйткені халықтың діни сауатын көтеру – сіз бен бізге аманат. Ол үшін ең алдымен бұл саладағы әрбір ісімізді ыждағаттылықпен, ықыласпен орындауымыз тиіс. Сонда Алла ісімізді нәтижелі етеді» деді Бас мүфти.

Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы өңір имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыс бағыттары мен қолға алған жобалары жайлы әңгімелеп берді. Имамдар Бас мүфтиге ұсыныс-тілектерін жеткізіп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы имамдарға нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру