Нұр-Мүбарак университетінде Құран жүйріктері анықталды (ФОТО)

24 сәуір 2019 5815 0
Оқу режимі

Нұр-Мүбарак университетіндегі басты ілімдердің  бірі –  қасиетті  Құранды мәнерлеп оқу, жаттау. Сондықтан Құран жаттаудан мықтыларды анықтап отыру университет дәстүрі. Оқу жылының соңы жақындағандықтан бұл сайыс 1,3,5,10 паралар  бойынша ұйымдастырылып, оған 43 студент қатысты. 4 пара бойынша  алғашқы іріктеу турынан 21 студент ақтық сынға өтті.

Исламтану кафедрасының меңгерушісі PhD Нұрлан Анарбаев бастаған қазылар алқасының құрамында мысырлық ғалым Құран хафизі Мұхаммад Хаттаб,докторант хафиз Құрмет Смағұлов,  қари оқытушылар Нұрлан Сейтмаматов, Данияр Сүлейменовтер төрелік жасады.

Ақтық сын нәтижесі бойынша

1 пара: 1-орын Дінмұхамед Идрисов, 2-орын Ержан Камал , 3-орын Жандос Тұрданбаев иеленді.
3 пара: 1-орын  Бекдәулет Қарабеков,2-орын Айдын Асылбек, 3-орын Әбубәкір Сәндібаев;
5 пара: 1-орын Бағлан  Кәдіров, 2-орын Асылкеней Ажнұров, 3-орын Ербол Ахмедов;
10 пара: 1-орын Долдыев Нұрбол, 2-орын Ербол Ерғазы, 3-орын Махмут Абжаппар иеленді.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттаған ректор, профессор Муххаммад әш-Шаххат әл-Жинди бастаған ғалымдар тобы мақтау қағазымен бірге ақшалай сыйлық табыс етті.

«Бұл жеңістің алғашқы бастамасы, біз сіздердің жәннатта жеңімпаз тәжімен марапатталуларыңызға тілектеспіз»,-деді ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат мырза қариларға ақ батасын беріп.

Дереккөз: nmu.kz

Пікірлер Кіру