«Нұр-мүбәрак» университетіне жаңа ректор тағайындалды (ФОТО)

09 қазан 2018 5934 0
Оқу режимі

«Нұр-Мүбәрак» университеті Қамқоршылар кеңесінің шешімімен аталған оқу орнына жаңа ректор тағайындалды.

Кеңестің шешімімен профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди мырза «Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры қызметіне бекітілді.

ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жаңа ректорды университет ұжымы мен студенттеріне таныстырды.

Игі шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы:

«Біздің алдымызда үлкен жауапкершілікті қызметтер тұр. Ол тарихи кезеңдегі талап етілетін тарихи еңбектер. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін бой көтерген біздің ғажап университетіміз бен ғылыми орталықтың дамып келе жатқанын мақтан тұтамыз. Осындай білім ордасында тәлім алушы шәкірттер осы жауапкершілікті сезіну керек. Себебебі еліміз діни кадрларға әлі де мұқтаж. Сондықтан болашақтағы істерде ынтымақтасып жұмыс жасаймыз деген ойдамыз», – деп сенім білдірді.

Өз кезегінде Б.Арын ректор жұмысына сәттілік тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру