Нұр-Сұлтан өкілдігі атынан «Аналар үйіне» сый жасалды (ФОТО)

04 наурыз 2022 2538 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі және Полиция департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен мереке қарсаңында Елордадағы «Аналар үйіне» зиярат жасалып, түрлі сый-сияпаттар табысталды.

Игі шараға Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Тілеуғалиқызы Шрахметова мен ҚМДБ «Зекет» қорының елорда филиалының жауапты қызметкері Мерей Жақия қатысып, құттықтау лебіздерін білдіріп қайтты.

Шара аясында «Аналар үйіндегі» қыз-келіншектерге арнайы гүл шоқтары мен тәтті тағамдар тарту етіліп, рухани қолдау лебіздері айтылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру