Нұр-Сұлтан өкілдігі ауруханаларға медициналық құрылғылар тарту етті (ФОТО)

05 тамыз 2020 4604 0
Оқу режимі

Елорда мешіттері елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап халыққа мейлінше қол ұшын беріп келеді. Осы үрдіс бойынша бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Елордамыздағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті.

Атап өтсек, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығына» жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді.

Дәрігерлердің айтуынша қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан көрінеді. Десе де қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қол ұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтып жатты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру