Оңалтуға қатысты тәсіл – тарихпен тәрбиелеу – Серікбай қажы Ораз

08 қараша 2019 164 0
Оқу режимі

Елордада өткен ІХ дінтанушылар форумында негізгі баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осылай деді.  

«Оңалту шараларына қатысты тағы бір тәсіл – тарихпен тәрбиелеу. Тарих дегеніміз – адамзатттың қоғамдық жады, өзін-өзі тануы, өткен өмірдің санада жаңғыруы. Ғұламалар: «Адам ойын оятқың келсе – оның тарихын оят», – деген тәлімді сөз айтқан.

Діни басқарма «Дін және тарих тағылымы» игі бастамасын одан ары жаңғыртып, жамағатты тарихтан алар сабақтармен сусындатып келеді. Салт пен тарихи санаға, әдет пен ғұрыпқа шекеден қарап, теріс көзқарасқа алданған діни ағымдар үшін арнайы жобаны қолға алдық.

Мақсатымыз – деструктивті ағым өкілдерінің тарихи әрі киелі жерлерге сапарын ұйымдастырып, тарихи санасын жаңғырту. Жуырда Ақтөбеден арқа төсіне келген біртоп жамағатпен жүздесіп, бірнеше сағат сұхбаттастым. Елдік мұрат, тарихи сана, бірлік пен бейбітшіліктің қадірі туралы дәріс оқыдым. Емен-жарқын әңгіменің нәтижесінде олар да өз ойын ортаға салып, пікірлеріміз бір арнаға тоғысты», – деп атап өтті Бас мүфти. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру