Өскемендік кәсіпкер имамға көлік мінгізді (ФОТО)
Өскемен қаласының тұрғыны, кәсіпкер Қайнар Дүйсенұлы қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұловқа су жаңа көліктің кілтін жұма намазында жамағат алдында табыс етті.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:
«Кәсіпкер азамат, дін жанашыры Қайнар Дүйсенұлы бауырымыз имам Алмас имамға үлкен құрмет көрсетіп отыр. Халқымызда Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген нақыл сөз бар. Алмас Кенжеғұлов ұзақ жылдар бойы қалалық «Защита» мешітін басқарып, мешіттің барлық құжаттарын реттеп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қаладағы ең бір үлгілі мешітке айналдырды. Міне, бүгін халық, жомарт азаматтар оның бұл еңбегін бағалап отыр. Жаңа көлік Алмас Айткәрімұлының игілігіне жарасын, дініміздің жанашыры Қайнар бауырымызға Алла разы болсын» деп тілек білдірді.
Кәсіпкер Қайнар Дүйсенұлы асыл дініміз үшін әркез қайырымдылық істерін жасай беретіндігін жеткізіп, имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.
Дереккөз: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешщітінің баспасөз қызметі