Пәкістан келген әскери делегация «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)

06 наурыз 2020 5065 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні еліміздің мақтанышына айналған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне Пәкістаннан ресми іссапармен келген делегация ат басын тіреді. Пәкістан мемлекетінің контр-адмиралы Мухаммед Зубаир Шафик және Қазақстандағы Пәкістан елшілігінің әскери атташесі, бригадалық генерал Ясир Наваз Джанжуа бастаған топ «Әзірет Сұлтан» мешітін аралап, құнды жәдігерлерімен танысты.

Мәртебелі меймандарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қарсы алып, қонақтарға құрмет көрсетті. Бас мешіт беделін арттыра түскен құнды жәдігер – көне Құран мен күмістен құйылған Құран парақшаларын арнайы таныстырып, рекордтық көрсеткіштерге ие болған құлшылық ордасының сәулет артықшылықтарынан хабардар етті.

Кездесу соңында қонақтарға қазақы дәстүрімізге орай естелік сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, еліміздің Бас мешітіне арнайылап келген пәкістандық делегация атынан да арнайы сыйлықтар беріліп, мешіт тарапынан көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру