Палестина министрі «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)

30 шілде 2018 7564 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне Палестина мемлекетінің Сыртқы істер министрі Рияд әл-Мәлики бас сұғып, құлшылық ордасымен танысып қайтты. қазақстан жеріне ресми іссапармен ат басын тіреген палестиналық қонақтар еліміздің Бас мешітін көріп қайтуды арнайы ниет еткен көрінеді.

Лауазымды қонақты мешіт ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев қарсы алып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Атап айтқанда, Рияд әл-Мәлики мырза «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтының редакциясы мен «Хикмет» телерадиостудиясына бас сұғып, жұмыс барысымен танысты.

Пікірлер Кіру