«Пайғамбарлар сұлтаны» мүшәйрасының уақыты ұзартылды

15 желтоқсан 2018 7317 0
Оқу режимі

Ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған «Пайғамбарлар сұлтаны» жыр мүшәйрасына туындыларды қабылдау 20-ЖЕЛТОҚСАНҒА  дейін жалғасатын болады. Оқырмандар тарапынан келіп түскен өтініштер мен қоңырауларды жауапсыз қалдырмау мақсатында қабылдау мерзімі ұзартылды.

Осы күнге дейін Baige2018@mail.ru келіп түскен өлеңдер «Пайғамбарлар сұлтаны» парақшасында жарияланып келді және «Әзірет Сұлтан» мешітінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісіліп отырды. Желідегі оқырмандардың бағалаулары да әділқазылар алқасына ескертілетін болмақ.

Олай болса, іске сәт! Адамзаттың асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сағыныш пен сүйіспеншілік сезімін әлі де ақ параққа түсіріп, сауапқа кенелуге мүмкіндіктеріңіз мол. Бұған қоса, BioHayat компаниясының ұсынып отырған Бас жүлде – кіші қажылық жолдамасын жеңіп алуға асығыңыздар!

Ескерту: Бұған дейін бәйге поштасына келіп түскен хаттарды іріктеу барысында көптеген қатысушылардың талаптарға (суреті, өмірбаяны) толық жауап жолдамағаны кездесіп жатты. Осы ақаулықты қайталамауды сұраймыз! 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру