Петербург қаласында Ислам музейі ашылады

11 қаңтар 2020 4244 0
Оқу режимі

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жақын күндері Ислам мәдениеті музейі ашылуы мүмкін. Петербург қаласының вице-губернаторы Евгения Елина мәлімдегендей, жаңа ғимарат Кадетский көшесіндегі Брюллов үйінде орналасатын болмақ.

Айта кетейік, Ислам музейін ашу туралы ұсынысты шаһар басшылығына Эрмитаж директоры Михаил Пиотровский жолдаған болатын.

Ислам музейінің ғимараты ретінде көрсетіліп отырған Брюллов үйі сонау XVIII ғасырдың көне жәдігері болып табылады. 2008 жылы үй апаттық жағдайда деп танылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. ал, 2016 жылы қала әкімшілігі ғимаратты және үй орналасқан аумақты мемлекет меншігінде деп жариялаған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру