ҚАДІР ТҮНІ: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ 3000 АДАМҒА СӘРЕСІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

18 сәуір 2023 1949 0
Оқу режимі

Исі мұсылман үшін маңызды әрі қадірлі болған Қадір түніне арналған рухани іс-шара «Әзірет Сұлтан» мешітінде  таң намазына дейін жалғасты.  

Айта кетейік, қасиетті Қадір түніне орай «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Әзірет Сұлтан» мешітінен тікелей эфир ұсынып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының Қадір түніне арналған құттықтауларын жеткізді.

Мешітімізде өткен рухани іс-шарада Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылып, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, таңғы уақыт жақындағанда қасиетті түнді Алланың үйінде өткізген жамағатқа сәресі бокстары таратылды. Ауыз бекіткендерге үлестірілген сәресі қоржыны 3000 адамды қамтыды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру