Қадір түні: «Әзірет Сұлтан» мешітінде қарилармен тағылымды сұхбат өтті
17 наурыз 2026
39
0
Оқу режимі
Қадір түніне орай ұйымдастырылған бағдарлама аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде исі мұсылман қауымы үшін рухани іс-шаралар таң намазына дейін жалғасты.
Қасиетті түнде мешітке жиналған жамағатқа арнайы мазмұнды бағдарлама ұсынылып, Құран хатым дұғасы бағышталды. Сонымен қатар, әуезді Құран оқылып, тағылымды насихаттар айтылды.
Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізген қарилар — Әлихан Берден және Нұрмұхаммед Аюбаймен жамағат алдында арнайы сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында қарилар Құран оқу әдебі, Алланың кәләмін үйренудің маңызы мен сырлары жайында кеңінен ой бөлісті.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру