Қағба жамылғысы қайта түсірілді

26 қыркүйек 2018 8003 0
Оқу режимі

Қасиетті қос мешіт істері жөніндегі Президиумның шешімі бойынша Қағба жамылғысы қайта орнына түсірілді. Осылайша, қажылық маусымы аяқталып, кіші қажылық басталғаны жария етілді.

Айта кетейік, қажылық маусымы кезінде қасиетті Қағба жамылғысының бүтін әрі таза болуы мақсатында жоғары көтеріп қойған болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мұсылмандар туған елдеріне тәбәрік ретінде қисуа бөлігін алып кетуді әдетке айналдырғасын, соңғы жылдары осындай шаралар қолданысқа енгізілген болатын.

Дегенмен, арапа күні Қағба басында қажылар болмайтындықтан ескі жамылғысы ауыстырылып тұрады. Алайда, жамылғы сол жоғары көтерілген қалпында қала береді.

Алтын жіптермен әдіптеліп, таза жібектен тігілген жамылғының жалпы көлемі 658 шаршы метрді құрайтынын ескерте кетейік.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру