Қала әкімі Бас мешіттегі сенбілікке қатысты (ФОТО)

12 қазан 2019 5653 0
Оқу режимі

«Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілік Елордамыздың көркі болып саналатын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласында жалғасты. Оған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов және ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, түрлі өнер жұлдыздары және мешіт ұжымы мен жамағаты қатысты. 

Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

 

Пікірлер Кіру