Қала бас имамы «Ырыскелді қажы» мешітінің ұжымымен кездесті

30 сәуір 2026 101 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов жетекшілік еткен өкілдік қызметкерлері елордадағы «Ырыскелді қажы» мешіті ұжымымен арнайы кездесіп, көшпелі форматтағы жиын өткізді. 

Жиын барысында мешіт қызметкерлерімен бірқатар өзекті тақырыптар кеңінен талқыланып, діни қызметтің тиімділігін арттыру, ағартушылық жұмыстарды жүйелеу және жамағатпен өзара байланысты нығайту бағытында нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Өз кезегінде мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы ұжымның күнделікті қызметі мен жамағатпен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.

Сапар барысында қала бас имамы жамағатпен жүздесіп, бесін намазынан бұрын тағылымды уағыз-насихат жасады.

Кездесу қорытындысында мешіт ұжымына алдағы қызметтерінде табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне береке сұрады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру